Вопрос:
Сәлеметсіздерме,менде мынадай сұрақ еді.Жолдасыммен кездесіп жүргенде ол кісінің қарызы бар екенің білмедім.Қазір 7 айдан асты жанұя құрғанымызға...Қарызынан еш құтыла алмай келеді.Бұл жағдай мені қатты қынжылтады.Кейде шарасыздықтан көзімнің жасын сығып аламын.Тығырықтан шығудың жолдарын өзім іздеп көмек бергім келеді.Алайда сұрамағанға көмек жасама дейді ғой...Мені бұл жағдай эмоционалды іштей жеп барады.Қалай көмек берсем болады?Ойымнан шығар емес...Жолдасымның шарасыздығын көріп кейде ашу,кейде ыза бойымды білейді...Анасыныңда бейғамдығы ашуыма тиеді.Сол кісіге жаңа ұялы телефон алып берем деп ,алтын жүзік алып берем деп қарызға батып отыр...Бұл ашуды қалай бойымнан шығарсам болады ?Кейде енеме бар ойымды айтып салғым келеді...Бірақ одан не пайда деймін.Өзіме,және жолдасыма қалай қолдау көмек бере аламын?
Ответы:
- Пока никто не ответил на вопрос.