Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Болғаныңызға рақмет. Менде ішкі сезімдерді, ойларды шығару проблема. Өз-өзіме тұншықтырып қоя беремін бәрін. Сол үшін өзім қиналамын. Өзімді осы қасиетім үшін жек көріпте кетемін. Адамдармен ашық араласу, әңгіме айту өте қиын мен үшін. Танитын адам болсын, танымайтын адам болсын адам сияқты сөйлесе алмаймын. Қанша адам әңгімеге тартып тұрса да, ешнәрсе толық ашық-жарқын айта алмаймын. Тек өзгені тыңдай беремін, тыңдай беремін. Менде басқалар сияқты ашылып әңгіме айтқым келеді. Бір дүние айтайын десемде тамағымнан бірдеңе ұстап тұрады. Сыртқа шығара алмаймын. Сезімді де, сөзді де ішіме жұтамын. Бөлісе алмаймын. Жұмыста да, үйде де, достарыммен де ашылып сөйлесе алмаймын. Жанымды жегідей жеп барады. Қоғамда өмір сүріп, сол қоғаммен байланыс құра алмау. Дәл осы коммуникация жоқ болғаны себепті қанша керемет мүмкіндіктерді жібердім. Өкініштерге де толып кетті жан дүние, ой. Өзімді жазғыра беремін, осындай болғаным үшін. Барлығы бір жауап күтеді, бірақ менің аузымнан шығатын сөз тек иә/жоқпен шектеледі. Қоғамға сыймай кеттім. Бұл ойым үшін Құдай өзі кешірсін, бірақ өзімді тілі бар мылқау сезінемін. Бәрін тастап кетіп қалғым келеді. Адамдармен жұмыс жасағым келмейді. Сөйлемейтін бір әлем болса ғой деймін кейде. Осы бір қасиетпен қалай күресуге болады?

Ответы:

  • Пока никто не ответил на вопрос.