Вопрос:

Қайырлы күн! Менде адамдармен араласуда проблема. Адамдармен ашылып әңгіме айта алмаймын. Тек олардың айтқанын тыңдаймын, болды. Бірге әңгіме айтып, жалғастырып, ойнап-күлу қолымнан келер емес. Тіпті бірге бір кабинетте адам болса, ол көріп тұрмаса да, өзіммен өзім отырып параққа сезімдер мен ішкі ойды жазу қиын. Адамдар жанымда болса, еркін сезімдерді шығарып, бөлісу қиын. Кез келген ортада адамдармен еркін араласып кететін адамдарға қызығамын. Өзім солай жасасам бір жасандылық сияқты көрінеді де тұрады. Өзімді түсіне алмай кеттім. Артық адам сезінетін болып кеттім өзімді. Көбіне үндемей, жай ғана тыңдау ғана қолымнан келетін болып тұр. Өзіммен өзім болып, өз-өзіммен сөйлесуден шаршап кеттім. Шешімі қандай осы мәселенің? Себебі неде?

Ответы:

  • Пока никто не ответил на вопрос.