Вопрос:

Сәлеметсіз бе әпке. Қалыңыз қалай. Кеңестеріңізге көп Рахмет 💕 Сізге қоятын бірнеше сұрақ бар. 1) Менің анам 16жасымда дүниден өткен. Мен ес білгенен анам ішімдікке құмар болатын. Таңнан кешке дейін ішетін. Отбасымызбен қойдыртуға тырыстық бірақ нәтиже шықпады. Күнде айқай шу ұрыспен өтетін күніміз. Аналық Мейірімді көре алмадым. Қанша болды ренжімеймін десем де ішімде реніш бар. Қалай реніштен құтылсам болады? Ол реніш болашағыма әсер етеді ма? 2) Менде қорқыныш басым. Алдымнан бір ситуация шықса бәрінен қорқып тұрамын. Осы отбасымдағы жағдай кейін қайталана ма деп қорқамын. Қалай қорықпай алға қарай жылжуға болады? 3) Көп ренжимін. Жәй болмашы нәрсеге ренжіп қаламын. Айналадағы адамдардан көп внимание бөлгенін қалап тұрамын. Кішкене жағдай болса жылап қаламын. Қандай кеңес бере аласыз. Алдын ала Рахмет

Ответы:

  • Пока никто не ответил на вопрос.